Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, ф.ғ.к. Гаухар Ахметова Беларусь Республикасының Миниск қаласында өткен Беларусь және Қазақстан жоғары оқу орындары арасында ғылым-білім беру консорциумының қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыс комиссиясының VI отырысына қатысты.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Беларусь Республикасына ресми сапары аясында өтті.

Жұмыс комиссиясының отырысына 40 қазақстандық және белорус жоғары оқу орындарының ректорлары, сондай-ақ ғылыми орталықтардың жетекшілері қатысты.

Кездесу барысында еуразиялық білім беру кеңістігінде жоғары білім беруді дамыту, білім беру, ғылым мен өндірісті біріктіру, сондай-ақ бәсекеге қабілетті кадрларды бірлесіп оқыту мәселелері талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша С.Торайғыров атындағы ПМУ мен Беларусь ұлттық техникалық университеті, Беларусь мемлекеттік университеті, Белоруссиялық информатика және радиоэлектроника университеті және Белоруссиялық мемлекеттік технологиялық университеті арасында ғылым және білім беру инновациялық ынтымақтастығы туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

Келісімдер интеграцияланған білім беру және «қос диплом» бағдарламаларын іске асыру мен академиялық ұтқырлықты дамытуды жүзеге асыруға бағытталған. Аталған бағдарламаларға студенттер, оқытушылар және университет қызметкерлері қатыса алады.

Ғылыми ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде олар өзара тәжірибе алмасу, практикадан өту секілді ғылыми жобаларды әзірлеуге мүмкіндік алады.