С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері арасында өткен «Павлодар аруы-2017 аруы» сұлулық байқауының финалында бірден төрт аталым бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Павлодар аруы-2017» байқауына қойылған ең негізгі талаптар – әрин, сұлулық, талант және шығармашылық қасиеттер. Қазылар алқасының құрамында әр саланың өкілдері болды: бизнес, Fashion-индустрия, БАҚ және т.б.

«Павлодар аруы-2017» байқауының іріктеу кезеңіне 33 сұлу қыз қатысты. Оның 10-ы ғана ақтық мәреге жолдама алды. 

Қатысушылар ақтық сында бірнеше бөлім бойынша бақ сынады. Мысалы, өздерін таныстыру, сәнді көйлек, актерлік шеберлік, би билеу және ән айту арқылы өз өнерлерін көрсетті.

Павлодар мемлекеттік университетінің мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің студенті Кристина Комарова ерекше сұлулығымен көрермен көзайымына ие болды.

Машина жасау факультетінің студенттері екі номинация бойынша жеңімпаз атанды.

Өзінің әдемі биі арқылы аққу құсын бейнелеп, қазылар алқасын таңдандырға Аида Байтемірова «Сұлу ару» атағын жеңіп алса, Дайана Сүйіндіковаға «Нәзік ару» атағы берілді.

Агротехнология факультетінің түлегі Ольга Матюхинаның өнері мен сұлулығына тең келер ешкім болмады бұл жолы. Ол қазылар алқасын ерекше талантымен тамсандыра отырып, екінші вице-мисс атағын жеңіп алды.

«Павлодар аруы-2017» байқауының бас жүлдесін Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Сания Темірханова жеңіп алып, жеңімпаз тәжін басына киді.