Павлодар мемлекеттік университетінде көрнекті қазақ жазушысы, академик, Қазақ Ұлттық Академиясының корреспондент мүшесі, мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғабиден Мұстафиннің (1902-1985жж) 115 жылдығына арналған әдеби кеш өтті.

Әдеби кеш «Халықтық талант» деген атаумен ұйымдастырылып, оған қазақ әдебиеті секторының студенттері жиналып, жазушының шығармашылығын оқыды.

Ф.ғ.к., профессор Раушан Муталиева Ғабиден Мұстафин мұрасы туралы өз пікірін білдірді.  Ол көбінесе жазушының «Қазақфильм» киностудиясы түсірген фильмге негіз болған «Очевидец» және «Қарағанды» романдарына ерекше назар аударды. 

Ғ. Мұстафин халық жазушысы деп аталуға әбден лайық тұлға. Ол артына ешқашан лмейтін еңбек қалдырды.  Оның шығармалары адамның мәңгілік құндылықтарын көрсетеді, адам өмірін шынайы суреттейді. Жазушы шығармаларына өз ісіне адалдықпен қарайтын қарапайым қызметкерлерді кейіпкер етті. 

Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің студенті Бәкіжан Кәкім әдеби кеш туралы өз ой-пікірін білдірді. Сонымен қатар, қазақ әдебиеті секторының кітапханашысы Журиля Әбілдинова кітапхананың қорынан «Эстен кетпес атын» кітап көрмесін ұсынды.