2017 жылдың 7-қарашасында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Мейрам Алтыбасаровтың мерейлі 80 жасы аталып өтілді.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, облыстың ғылыми қоғамдастығының мүшелері және студенттер қатысты.

Университеттің даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор, с.ғ.д. Арман Ақышев 1993 жылы Мейрам Алтыбасаровтың күш-жігерінің арқасында «Қолданбалы математика және механика» кафедрасы құрылғанын ерекше атап өтті. Ол 50-ден астам ғылыми мақалалардың авторы және қазіргі уақытта қазақ тілінде теориялық механика бойынша оқулық жасау бойынша жұмыстар жүргізуде.

«Мейірам Құрманұлы университеттің мақтанышы, оқу орынның қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай үлес қосқан ардагерлердің бірі» - деді Арман Айтмұхаметұлы.

Оның ғылыми қызметі жоғары бағаланды. Көп жылғы табысты еңбегінің нәтижесінде «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Облыс алдындағы еңбегі үшін» төсбелгісімен және С.Торайғыров атындағы алтын медалмен марапатталды. 2009 жылы М. Алтыбасаров «Павлодар мемлекеттік университетінің құрметті кафедра меңгерушісі» атағына ие болды. 

Мейрам Алтыбасаров өз ісінің шебері, әріптестері мен студенттері алдында үлкен беделге ие болған ғалым.