С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының «Жоғары технологиялардың дамуы» бағыты бойынша комиссиясының жылжымалы отырысы өтті.
Комиссия мүшелері инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» және индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдаламалары шеңберінде «Металлургия», «Мұнайхимия» бағыттары бойынша құрылған ғылыми-өндірістік зертханаларын аралады.
Сондай-ақ, қонақтар жоғары оқу орнының халықаралық стартап академиясында болып, жас кәсіпкерлердің тың жобаларымен танысты.
Комиссия жұмысы С. Торайғыров атындағы ПМУ-дағы ИИД МБ-2 іс жүзінде орындалу бағыттарын қарауды мақсат етті.
Отырыстың күн тәртібінде Павлодар облысының жоғары мектептеріндегі ИИД МБ-2 жүзеге асыру, оқу жүйесін ұйымдастыру бойынша кәсіпорындармен байланыс орнату, оқу бағдарламаларды жасау мәселелері талқыланып, кәсіпорындарға ғылыми нәтижелерді енгізу тетіктері қарастырылды.
Павлодар мемлекеттік университетінің ұстанымдары туралы С. Торайғыров атындағы ПМУ ректорының м.а., ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры, б.ғ.д., профессор Нұрлан Ержанов баяндап берді.
Комиссия ПМУ және ПМХЗ арасындағы табысты тәжірибені басқа да жоғары оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындарға үлгі етуді ұйғарды.
Комиссия отырысының С. Торайғыров атындағы ПМУ қабырғасында өтуіне білім ордасының «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты және ИИД 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын 11 ЖОО қатарына енуі себеп болды. Айтулы бағдарламалар аясында университетте 63 түрлі құрылғылармен жасақталған 4 зертхана салынды, облыс кәсіпорындарымен, Кембридж, Брунел, Валенсиядағы Политехникалық университетімен және басқа да әлемдегі алдыңғы қатарлы университеттермен оқу бағдарламалары мен пәндер кешені жасалды. Бұл бағдарлама шеңберіндегі жұмыстар оң нәтижесін берді.