С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ИИД МБ – 2 бойынша білім алған магистранттардың алғашқы түлектерінің диплом алу салтанаты өтті.

Магистрлік дипломдарды табыстау рәсіміне оқытушылар, магистранттар және олардың ата-аналары қатысты. Тіркеу кеңсесінің директоры, ИИД МБ – 2 бойынша жобалық кеңсенің жетекшісі Петр Быков өз құттықтау сөзінде жас ғалымдардың Отан алдында жауапкершілігі барын ескеріп, оларға ұстаздары артқан үмітін ақтайтынына сенім білдірді. «Технология мен ғылым қарыштап дамып жатқан әлемде сапалы білім алумен қатар, білімді туған елдің игілігі мен мүддесі үшін жұмсай білу де қажет», – деді Петр Олегович. 

Жас ғалымдарды кәсіпорындардың өкілдері құттықтады. Магистранттардың көбісі ерекше жобаларды жасады, әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтті. Дарынды жас ғалымдар бүгінгі қол жеткен жетістіктерде тоқтап қалмақ емес, олар  ғылым шыңын бағындыруды мақсат етуде.

Павлодар мемлекеттік университетінің екі мамандығы және бес білім беру траекториялары бойынша жалпы 127 түлек магистр дипломын алды. 

Дәстүрге сәйкес салтанатты рәсім университеттің студенттік филармониясының дайындаған концерттік бағдарламасымен аяқталды. Филармония әншілерінің өнері мерекені шырайландыра түсті.