С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне Сорбонна-Қазақстан институтының директорларының бірі – мадам Мари-Анн Серв жұмыс сапарымен келді.

Құрметті қонақ кездесуде Сорбонна-Қазақстан институты туралы ақпараттар беріп, жоғары мектепте оқу мүмкіндіктері жайында сөз етті.

«Сорбонна – Қазақстан» – Орталық Азиядағы алғашқы француздық жоғары оқу орны екенін айрықша атап өтуге болады. Ашылу салтанатына 2014 жылдың желтоқсан күні Қазақстан мен Франция Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Франсуа Олланд қатысқан болатын. 

С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің халықаралық ынтмақтастық департаментінің директоры Ақмарал Қайырбаеваның айтуынша, жыл өткен сайын білім беру саласында қазақстандық-француздық ынтымақтастықтың ауқымы кеңи түсуде. 

«Биылдың өзінде біздің университет Перпиньянмен, Campus France Astana бюросымен келісім шарттарға қол жеткізді деп сеніммен айта аламын. Бұдан өзге, былтыр Қазақстан Республикасындағы Францияның Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Етьен Павлодар мемлекеттік университетінде француз тілі мен мәдениеті орталығын ашты. Лингвистикалық ғылыми, мәдени және басқа да айырбастарды ұйымдастыру жолдарымен біздің университет пен Францияның оқу орындары арасында диалог орнатуға Қазақстандағы Франция Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Гийом Касперскидің жуырда келуі өз септігін тигізді. Көптілді білім беру орталығында Бордо III университетінің оқытушысы Тристан Санни-Палани біздің студенттерге білм беруде. Менің ойымша, бұл ынтымақтастық әлбетте, француз тілі мен франкофонды мәдениетті насихаттауға ықпал етеді», – деді Ақмарал Қанатбекқызы».