С. Торайғыров атындағы ПМУ және Ресей Федерациясының Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Академиясы өзара серіктестік келісімге қол қойды.

Келісімнің мақсаты – білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ, білім беру мекемелерінің арасындағы өзара түсіністікті нығайту.

Құжат бірлескен ғылыми зерттеулер мен тағылымдамалар кешенін қамтуды көздейтін бірқатар келісімдерді қарастырады. 

Енді студенттер, магистранттар мен докторанттар РФПХШжМҚА-сында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуына болады. Сонымен бірге, білім алушылар серіктестік келісім аясында қос дипломды білім беру бағдарламасымен де білім игере алады. 

ПМУ мен РФПХШжМҚА өзара келісімге сәйкес бірлескен ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізіп, ғылыми-әдістемелік материалдар жариялау жұмыстарын жүзеге асырады. Бұдан өзге, қашықтықтан оқытудың бірлескен бағдарламасын жасау да көзделіп отыр. 

«Біз тәжірбие алмасу мақсатында ғана еліміздегі және әлемдегі алдыңғы қатарлы білім беру мекемелерімен ынтымақтастық құрып келеміз. РФПХШжМҚА кәсіпкерлік үшін тіпті, мемлекеттік құрылымдар үшін білікті басшы кадрларды дайындауда көшбасшы болып табылады. Академия «шеберлер ұстаханасы» деп танылған. Бұл  өңірдегі ірі ЖОО, алғашқы кәсіпкерлік бағытты ұстанған университет ретінде С. Торайғыров атындағы ПМУ келісім негізінде тәжірибе жинақтап, студенттердің сапалы білім алуына өз үлесін қоса алады, – деді халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, п.ғ.к., қауымд. профессор Ақмарал Қаирбаева.