Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының студенттері шет тілі мамандығы бойынша Республикалық студенттік пəндік олимпиададан жүлделі оралды.

Олимпиада Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде өтті. 

Республикалық пәндік олимпиадаға еліміздің 21 жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.  

Әр мамандық бойынша жеңімпаздарды іріктеу үш кезең арқылы жүзеге асты.

Байқау нәтижесі бойынша 4 курс студенті Тамара Сушеница тесттік тапсырмаларды орындауда, эссе жазуда және мәдениаралық коммуникациялардағы лингвомәдени ерекшеліктер тақырыбындағы жобалық жұмысы бойынша тұсау кесерін өткізуде үздік көрсеткішке ие болды. 

Студент тапсырмаларын сәтті орындап, «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша екінші орынды иеленді.

Жазбаша және шығып тұрған дыбыс арқылы ауызша жүйелі аударма жасауда Мереуерт Исина шеберлік танытып, жүлделі үшінші орынды еншіледі. 

Сондай-ақ, «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша Дана Жүсіпова алғыс хатпен марапатталды. 

«Бүгінде студенттер ағылшын тілін меңгеруде зор жетістіктерге жетуде. Олар білімін көрсетіп қана қоймай, қиялдарына ерік беріп тапсырмаларын орындауда шығармашылық танытты. Біздің лингвисттердің табысты жетістіктерін көріп, мақтанып отырған жайымыз бар. «Amat Victoria Curam» дегендей, жеңіс еңбекпен келеді. Біздің кафедра студенттерінің дайындық деңгейінен өзге командамыздың жеңіске жету жолындағы талпынысын, ерік-жігерін байқап қуанып отырмыз», – дейді PhD доктор, қауымд. профессор Әсел Ахметбекова.