С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған үндеуінде сөз еткен мемлекеттік биліктің тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесін және «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау бойынша өңірлік конференция өтті.
Талқылауға «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, студенттер мен азаматтық қоғамның уәкілдері қатысты. Пікірталастың модераторы С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемелекеттік университетінің ректоры, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, с.ғ.д., профессор Арын Өрсариев болады.
Талқылау барысында конференция қатысушылары Президент, Парламент және Үкімет арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу реформалар бағдарламасы туралы өз ойларын білдірді. Сондай-ақ, спикерлер аталмыш реформаларды жүзеге асыру уақыты өте сәтті таңдалғанын ескеріп, реформалардың басталуымен Қазақстанның халықаралық ортадағы демократиясының жаңа кезеңі деп айтуға болатынын атап өтті.
«Жаһандану мемлекеттер алдында белгілі бір міндеттер қояды, олармен қазіргі заманда барлық мемлекеттер ұшырасады. Бүгінгі таңда біз бұл міндеттер тек сыртқы саясатқа қатысты емес, ішкі салаға да қатысты екенін көреміз және дәл қазір, Елбасымыз жасағандай ішкі басқарушылық шешім қабылдайтын уақыт келді», – деді Арын Өрсариев.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауына талқылау барысында ректор аймақтағы кәсіпкерлік белсенділікке баса назар аударды.
«Жолдауда айтылғандай, әрбір өңір кәсіпкерлікті дамыту бойынша өзіндік үлгісін ұсынуы қажет. Павлодар өңірінде, біздің университетте біз бір мыңнан астам қала тұрғындарын университеттің ғылыми-өнеркәсіптік инфрақұрылымның ықпалдастығы бойынша ПМУ тарапынан қолдау үлгісін ұсынып отырмыз. Осылайша, Павлодар аймағында алғашқылардың бірі болып ғылым мен бизнесті тоғыстырып, бұл қадам өңірдің дамуына септігін тигізері анық».
Кездесуге жиылғандар Президент ұсынған реформаларды қолдады, бұл өзгерістер мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады деген бір пікірге келді.