С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқытушыларға арналған Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің саясаттану кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтік-саяси зерттеулер зертханасының жетекшісі, с.ғ.д., профессор Инна Ветренконың семинары өтті.

Семинардың бірінші кезеңінде жоғары оқу орнындағы ғылыми зерттеулерге қаражат тартудың жолдары қарастырылды. Инна Александровна семинар жұмысында Қазақстандағы және Ресейдегі жоғары мектептердің оқытушыларының басты табыс көрсеткіштері  ғылыми жұмыстарымен қаражат табу болып саналатынын атап өтті.

 «Ф. М. Достоевский атындағы ОМУ-нің дамуының белгілі бір кезеңінде біз өздігімен тіпті, кафедра болып  ғылыми зерттеу жүргізу  және одан қаржылай пайда көру қиын екенін аңғардық. Сол себепті, 2008 жылы біз әлеуметтік-саяси зерттеулер жүргізетін зертхананы құрдық. Сол уақытта біз өте жақсы нәтижеге, сонымен бірге, қаржылай да табысқа қол жеткіздік», – деді Инна Александровна.  

Қонақтың мәлімдеуінше, гуманитарлық бағытта жұмыс істеп жүрген ғалымдарға зерттеу жобасына жоғары табысты тапсырыс алу техникалық сала ғалымдарына қарағанда қиынға соғады. 

Семинардың екінші кезеңі оқытушылардың публикациялық әрі медиалық белсенділігі тақырыбына арқау болды.  Омбыдан келген сарапшы өз сөзінде оқытушылардың медиалық белсенділігі жоғары оқу орнының, ғалымның өзіне, тіпті, өзі жұмыс жасап жүрген белгілі бір саланың, бөлімнің беделіне зор ықпал ететінін сөзге тиек етті. 

Ескеріп өтейік, Инна Ветренконың ПМУ-ға келуіне магистрлік бағдарламаның саясаттану бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасының ашылуы себеп болды. Сондай-ақ, профессор «Саяси үрдістерді басқарудың негізгі теориясы мен тәжірибесі» бағдарламасы бойынша С. Торайғыров атындағы ПМУ оқытушыларына біліктілікті арттыру  курсын жүргізді. 

Жуырда Ресей гуманитарлық ғылыми қорының гранттарын еншілеуге бағытталған байқауға С. Торайғыров атындағы ПМУ мен ОМУ бірлесіп қатысуы көзделуде.