С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Павлодар өңірінің педагогикалық қауымдастығы мен ғалымдар арасындағы ынтымақтастық шеңберінде облыс мектептерінің физика, математика және информатика пәні мұғалімдері үшін ғылыми-әдістемелік семинарлар өтті.

Семинарларға «Кембридж университетінің біліктілікті арттыру бағдарламасының  7 теориялық-әдіснамалық дәйектемесі» тақырыбы арқау болды. 

Қатысушылар С. Торайғыров атындағы ПМУ-інің оқу бағдарламаларымен және жоғары білікті мамандарды даярлау мүмкіндіктерімен егжей-тегжейлі танысып шықты. 

Сонымен қатар, ғылыми-әдіснамалық семинарлар шеңберінде физика және математика пәндерін оқыту нәтижесін бағалаудың шектік әдістерін қарастырған интернет-конференция өтті. 

П.ғ.д., қауымдастырылған профессор, семинарлардың  ұйымдастырушысы Күләш Нұрымжанованың айтуынша, ынтымақтастық пен өзара түсіністікке бағытталған ғалымдар мен мұғалімдердің бұл кездесуі өте жоғары деңгейде өтіп, мақсатына жетті.