Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің педагогика және психология кафедрасында жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында болашақ мамандықпен байланысты шара өткізу дәстүрі қалыптасқан.

«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттердің мұрындық болуымен өткен бұл мерекеде болашақ мамандар кәсіби білімдері мен шығармашылық қабілеттерін танытып бақты. 

Студенттер кәсіптеріне арналған мейрамның сценариін жазып, танымал әндерді жаңаша түрлендірді, қойылым қойып, өлең оқыды. Кәсіптеріне арналған бейнефильм де түсіріп, көпшілік назарына ұсынды. 

Бұл күні жоғары курс студенттері оқу жылдарында игерген білімдерін көрсетіп, жастармен тәжірибе бөлісу мақсатында кафедраның бірінші курс студенттерін, оқытушылары мен қызметкерлерін қонақ етті. 

П.ғ.д., профессор, кафедра меңгерушісі Е.И. Бурдина студенттеріне алғысын жеткізді:

«Балалардың өз мамандықтары туралы түсінігі ерекше әдемі. Бұл мені қуантады. Өйткені, әлеуметтік жұмыс – бұл күрделі, қайырымды еңбек. Ол саладан маңызды сала болмайтыны да анық», – деді Елена Ивановна. 

Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Т.Ю. Бильдің айтуынша, кафедра студенттері әрдайым шығармашылық белсенді, жігерлі, олардың идеялары көп, креативті және талапты.

Көптің көңілінен шыққан шараны студенттермен ұйымдастырған оқытушылар И.В.   Коровайко мен А.К. Шаймерденова да алғысқа бөленді.

Мерекеге қатысқан әрбір жан тамаша көңіл-күй мен жан тебірентер сәттерді көпке дейін ұмытпасы анық.