С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті студенттерінің жобасы «Ең үздік әлеуметтік жоба» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

«Мен жастарға сенемін!» республикалық фестиваль шеңберінде өткен ең үздік студенттік инновациялық әлеуметтік маңызы бар жобалар байқауында үздік эссе, үздік азаматтық-патриоттық шығармалар және басқа да жобалар бақтарын сынады.  

Бұл байқауға С. Торайғыров атындағы ПМУ химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің студенті Әлия Тукуева  Анастасия Сасько және Арман Нұралиновпен бірге жасаған «Павлодар облысының белсенді туризмінің беталысы және даму әлеуеті» инновациялық жобасымен қатысты. 

Аталмыш жобада команда Android құрылғыларына арналған «KazGeoTour» мобильді қосымшасын және Павлодар қаласы бойынша жолсілтеуші жасап шығарды. Бұл жолсілтеуші бағдарлама бойынша кез келген адам өзі қалаған саяхатқа қол жеткізе алады, мұнымен қоса, Ертіс өзені бойынша 4 күндік қайықпен жүзу саяхатына да шыға алады. 

Байқау комиссиясының қорытындысына сәйкес айтулы жоба «Ең үздік әлеуметтік жоба» номинациясында жеңімпаз атанды. 

Ұймдастырушылардың мәлімдеуінше, бұл додаға еліміз бойынша 630 жұмыс келіп түскен. Фестивальдің гала-форумында салтанатты марапаттау рәсіміне қатысуға 200 үздік авторлар іріктеліп алынды

Бұдан өзге, Әлия биыл облыстық «Жыл еріктісі» байқауында «Қоғамдағы еріктілер қозғалысы» номинациясы бойынша мараптқа лайықты деп танылды.