С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ІІМ өкілдері мен «Қазіргі заман қаһарманы» республикалық шарасының қатысушылары студенттермен кездесті.

Шара жас ұрпақты  отансүйгіштікке баулуға және ішкі істер органдары қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге бағытталып отыр. 

Салтанатты кездесу барысында қызметін орындау кезінде батылдық пен ерлік көрсеткен бейбіт күннің батырларына құрмет көрсетті.

Павлодар мемлекеттік университетінде жиналғандардың алдында Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің ансамблі өнер көрсетті.  

Кездесуге «Халық қаһарманы», «Орталық» Ұлттық Ұлан басқолбасшысы полковник Қайрат Үмбетов қатысты. Қайрат Жарылқасұлы әскери дайындық барысында гранатаның жарылуы кезінде жауынгерді өз төсімен жауып, аман алып қалған. Осы ерлігі үшін ол жоғары марапатқа лайық деп танылған.