С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне SES (Senior Experten Service) (Аға сарапшылар қызметі) өкілдері келді. SES мамандарының келу мақсаты – ПМУ профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне кеңес беру және студенттерге салалары бойынша дәрістер оқу.

Сарапшы, доктор Клаус Румер «Экономика» кафедрасының оқытушылары мен студенттеріне кәсіпкерлік пен стартаптарды дамытуға бағытталған креативті-инновациялық тәсілдер турасында дәрістер оқыды. 

АСҚ (SES) бағдарламасы аясында  «Электр энергетикасы» кафедрасына сарапшы, доктор Питер Альтхофф келді. Ол өзінің дәрістерінде  су электр станцияларының, газ және көмір электр станцияларының дамуы турасында баяндап берді. Сондай-ақ, дәрісте биоотынды және күнэлектр станциясын қолдану мәселелерін де сөзге тиек етті. 

Ал, химия және химиялық технологиялар кафедрасында сарапшы, доктор Герхард Лапкэ Германия зауыттарындағы мұнай өңдеу саласындағы өндірістік тәжірибелерімен бөлісті. Және де дәріскер неміс компанияларындағы мұнай өңдеу саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижесін тәжірибе жүзінде пайдаға асыру турасында әңгімелеп береді.