С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Еуразиялық экономикалық комиссиясының экономика және қаржы саясаты жөніндегі коллегияның Мүшесі (Министр) Секретариатының жетекшісі, з.ғ.д. Асқар Кишкембаевпен кездесу өтті.

Асқар Болатұлы мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің оқытушылары мен студенттерімен еуразиялық ықпалдастықтың экономикалық заманауи жағдайы және даму әлеуеті жайында әңгімелесті.

Бұдан өзге, Асқар Болатұлы экономикалық ықпалдастықтың кезеңдеріндегі нормативтік құқықтық база турасында айтып, ЕАЭО мүшелігіндегі мемлекеттердегі еңбек миграциясы туралы ақпарат берді. Және де, қонақ қаржы нарығын реттеу, валюталық саясат төңірегінде әңгіме өрбітті.

Еске сала кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге 2014 жылғы 29 мамырда қол қойылған болатын. Осы құжат негізінде тауарлардың, қызметтердің, жұмыс күшінің және капиталдардың еркін қозғалысы қамтамасыз етілді.