С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің жылуэнергетика кафедрасында «Өндірістегі және тұрмыстағы суүнемдеу» тақырыбына арқау болған дөңгелек үстел өтті.

Техн.ғ.к., профессор Е. В. Приходько және аға оқытушы Ж. А. Тулебаева дөңгелек үстелдің модераторлары болды.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың маусым айында «Жасыл экономика үлгісіне өту үшін Қазақстанды қолдау» атты ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ ЕЭК бірлескен гранттық бағдарламасының шеңберінде ауылдық жерлерде суды үнемдейтін технологияларды енгізуге бағытталған «Жасыл» жобалар жастар республикалық байқауы өтті.

Финалға өткендердің қатарында С. Торайғыров атындағы ПМУ энергетика факультетінің студенті Алия Бояндинова да болды. Алия ауылды жерлерде көлік жуу орнын ұйымдастыру идеясын жүзеге асыру үшін 100 мың теңгені иеленді.

Студенттер суүнемдеу құрылғыларының тиімділігі мәселелеріне өзек болған баяндамаларын ұсынды. Олар тазарту құрылғыларының инновациялық жобалары турасында жаңа деректер беріп, өндірістегі суды үнемдеу жолдары туралы жария етті.

Кездесуде профессор Е. Приходько суүнемдеу мәселелерінің маңыздылығына тоқталып, Қазақстанның Жасыл Экономика үлгісіне өтуі шеңберінде жасалып жатқан экологиялық жобалар жастардың су ресурстарын қолдануын дамыту мақсатында «Жасыл» технологиялар бойынша мол тәжірибе алмасуына септігін тигізетінін атап өтті.

Дөңгелек үстел жұмысының соңында белсенді студенттерге дипломдар, сыйлықтар, және де барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етті.