С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне математика ғылымдарының докторы, Палац университетінің (Чехия, Оломоуц қ.) профессоры Томас Здрахал қонақ болды.

Университетке профессор «Erasmus+» бағдарламасы шеңберінде келді. Профессордың дәрістері функционалдық теңдеулер теориясына арналды.

Томас Здрахал С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттерінің кәсіпқойлығы мен теориялық білімін, және де жас математиктердің ғылымға деген құштарлығын жоғары бағалады.

Профессордың айтуынша, бүгінгі күні математиканың беделі кеміді, бұл үлкен мәселеге айналды. «Студенттер математиканы зерттегісі келмейді. Бүгінде бүкіл әлем ғылымды айналып өтіп, қаражат, кәсіпкерлік туралы көп сөз етеді. Тіпті экономистердің де теориялық білімі жоқ болып жатады. Менің ойымша, ғылымға, математикаға деген қызығушылық мектепте оқып жүрген уақыттардан бастау алады», – дейді Томас Здрахал.