Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жастар. Павлодар.kz» аймақтық жастар форумында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің белсенді әрі дарынды студенттері алғыс хатпен марапатталды.

Мерекелік салтанатқа 140-тан астам студенттер, ауыл жастары, жұмысшы, спортшы және шығармашыл жастар қатысты. Облыстың дараланған жастарының қатарында ПМУ студенттері де бар. 

Форум аясында мемлекеттік жастар саясатының сегіз бағыты бойынша форсайт-сессиялар, семинарлар мен тренингтер өтті. Ал, медиа тренерлер, скауттық, волонтерлық қозғалыстың және басқа да ұйымдардың өкілдері модератор ретінде қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев қоғамдық жұмыстарды белсене атқарып, әр салада табысқа жеткен дарынды жастарды марапаттады.  

Олардың қатарында С. Торайғыров атындағы ПМУ мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің студенті, Miss Regal International халықаралық сұлулық конкурсының лауреаты, Қазақстанның бірінші вице аруы Әмина Қожанова болды.

Сондай-ақ, металлургия, машинажасау және көлік факультетінің студенті, Павлодар қаласы ІІБ ЖПҚ ОПБ көмекшілері жасағының командирі Ғалымжан Кәбір алғыс хатпен марапатталды. 

Бұдан өзге, қонақтар назарына Павлодар мемлекеттік университетінің технопаркі және стартап академиясының үздік жобалары ұсынылды.