С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Баянтау» демалыс үйінде оқытушылар мен қызметкерлерге арналған «Денсаулық және сергектік» атты жазғы спартакиада өтті.

Спартакиаданы С.Торайғыров атындағы ПМУ Кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында спорттық-сауықтыру шараларын дамыту, дене тәрбиесі мен спортты әріптестер арасында насихаттау.

– Бұл шара жыл сайын өтіп келеді. Әріптестер арасында өтетін спорттық сайыстар салауатты өмір салтын қалыптастыруға және денсаулықты нығайтуға ықпал етеді, – дейді С. Торайғыров атындағы ПМУ кәсіподақ ұйымы кеңесінің төрайымы Г. Шамшудинова. 

Бұл күні Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушылары мен қызметкерлері өздерінің спорттық шеберліктерімен қоса төзімділіктерін танытып, ептіліктерін шыңдады.