С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Enterprise’s solutions» байқауының жеңімпазын жариялады.
Байқау өндіріс кәсіпорындары, кәсіпкерлер мен ғалымдар арасында ашық алаң орнату мақсатын көздеді.
ПМУ ғалымдары техника және технология, экономика және АКТ, экология және ауылшаруашылық сынды салаларда инновациялық жобаларды енгізу мақсатында 25 тың зерттеулерді ұсынды.
«Кастинг» ЖШС, «Нефтехим Ltd», «Павлодарэнерго» АҚ, «TKR Group» ЖШС және басқа да облысымыздың алдыңғы қатарлы кәсіпорындары 12 үздік жобаларды іріктеп алды. «TKR Group» ЖШС жеңімпаздардың біріне 200 мың теңге көлемінде жеке ынталандыру сыйын табыс етті.
Әділқазылар алқасы жобаның мемлекеттік яки өңірлік маңызға ие болуына және жобаның көлемділігіне баса назар аударды.
Кездесу нәтижесі бойынша университет екі жақтық ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге келді. Өнеркәсіптік кәсіпорындар және бизнес құрылымдар өкілдері өз кәсіпорнындағы технологияларды кең түрде енгізу мақсатында серіктес болуға дайын екендігін жеткізді.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, техн.ғ.к. Алексей Богомолов «Enterprise’s solutions» байқауында бас жүлде иегері атанды.
«Сұрыпты фасонды прокат өдірісінің экономикалық энерготиімді технологияларын өндіру және енгізу» жобасы «Кастинг» ЖШС-ның сұрауымен орындалды.
Алексей Богомоловтың айтуынша, жобада ұсынылған технология патентпен қорғалған және отандық өнім, шетелдік аналогтарымен салыстырғанда өнідіріс үшін баға әрі сапа жағынан да өте тиімді.
«Берік термикалық өңдеуді қолдану темір бетонды өнімдерді өңдеу және болат құрылымдарын өндіру барысында металл прокатының шығынын 20 пайызға төмендетесе, құрылыс материалдарының қызметтік мінездемесін жақсартуға, сондай-ақ, арматура өнідірісіндегі ферроқорытпаны үнемдеу есебінен шығынды қысқартуға мүмкіндік береді», – деді Алексей Витальевич.
Ұсынылған технология энерготасмылдаушы шығыны бойынша өте тиімді. Жобаны жүзеге асыру арқылы шығарылып жатқан өнімнің сапасын арттыруға болады. Сонымен қатар, айтулы жоба болатты өндіру кезінде ферроқорытпаны аз мөлшерде қолдануды, яғни атмосфераға зиянды қалдықтарды шығаруды азайту есебімен экологиялық тиімділікке қол жеткізуді көздейді.