С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері республикалық студенттік олимпиадаларда бақтарын сынап, жеңіс тұғырынан көрінуде.

Шет тілдері бойынша халықаралық студенттік олимпиадада университет абыройын Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері Алина Абитов, Ілияс Садықов және Валерий Есаулков асқақтатты. Студенттер үздік нәтижелер көрсетіп, жеңімпаз атанды. 

Олимпиада қорытындысына сай Алина Абитов жеке есепте үздік деп танылып, бірінші орынды қанжығасына байлады. 

Халықаралық олимпиадаға қазақстандық және ресейлік жоғары оқу орындарының студенттері қатысты, – дейді шет тілдер кафедрасының жетекшісі, ф.ғ.к. Бейбітнұр Жұмабекова. – Әрине, әлем жұрты ағылшын тілін шет тілі ретінде меңгеруге басымдық беруде. Бұған қарамастан, неміс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және дүниежүзіндегі ең көп игерілетін тілдердің бірі болып қала бермек. 

Сондай-ақ, «Машина жасау» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиадада С. Торайғыров атындағы ПМУ намысын техн.ғ.к. Асылбек Қасеновтың жетекшілігімен машина жасау және стандарттау кафедрасының студенттері Татьяна Евтушенко, Арыстан Ергібаев, Диас Темірболатов, Сергей Миллер қорғады. 

ПМУ-дың жас машинажасаушылары білім сайысында жетістіктерге қол жеткізіп, Арыстан Ергібаев жеке есепте жүлделі екінші орынға лайық деп танылды.