С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Павлодар облысының жалпы орта білім беру мектептері мен колледждерінің болашақ түлектеріне есігін айқара ашты.
С. Торайғыров атындағы ПМУ қабырғасында өткен ашық есік күніне Павлодар облысының жалпы білім беру мектептерінің оқушылары және колледждердің студенттері, ата-аналары мен ұстаздары қатысты.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры, филос.ғ.к. Гауһар Ахметова ПМУ-дың еліміздің 47 жоғары оқу орындары арасынан үздік бестік қтарында екенін ескеріп, білім орданың жетістіктері туралы баяндап берді.
– Университет халықаралық байланыстарды дамытуды тереңдетіп келеді. Сондай-ақ, көшбасшылық курстар, кәсіпкерлікке баулитын бизнес орталықтар мен әскери кафедра ашылды. Мұның бәрі білім алушылардың білім сапасын арттыруға бағытталып отыр», – деді Гауһар Ғалымқызы.
С. Торайғыров атындағы ПМУ – Еуропалық Университеттер Ассоциациясына мүше, «Еуроаплық сапа» халықаралық марапатының иегері. Жоғары мектеп – өңіріміздегі үш сатылы: бакалавриат, магистратура, PhD докторантура бойынша білім беретін бірден бір жалғыз мемлекеттік оқу орда. Сонымен бірге, университетте әлемдік деңгейдегі шетелдік ғалымдардың дәрістері оқылып, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер шетелдің үздік жоғары мектептерінде білім алу мүмкіндігіне ие болады.
Сонымен қоса, жиылғандар назарына С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің басты трендтері, факультеттер бойынша бекітілген мамандықтар жайлы бейнефильм ұсынылды.
Кеш барысында қонақтар арасында лотореялық ұтыс ойыны ойнатылды. С. Торайғыров атындағы ПМУ бәске тіккен ноутбук №37 мектептің оқушысы Айман Кенжебалинаға бұйырды. Сонымен қатар, басқа да жеңімпаздар білім орда жазуы бейнеленген күртешелерге ие болды.
Ізгі дәстүрге сәйкес қонақтар құрметіне Павлодар мемлекеттік университеті студенттік филармониясының шығармашылық ұжымдары мен орындаушылары өнер көрсетті.
Бұдан өзге, қонақтар назрына С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың мұражай кешені театрландырылған композициялық кешенін ұсынды.
Ал факультеттердің декандары Павлодар мемлекеттік университетінің студенті атанудың жолдары турасында университет қабырғасында білім алудың артықшылығы мен білім ошағының алыс-жақын шетелдермен байланысы жайында егжей-тегжейлі баяндап берді.
Мереке соңында болашақ мектеп түлектеріне жоғары оқу орнының мамандықтары бойынша кеңестер ұсынылып, келешекте жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпараттар берілді.