С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен республикалық дипломдық жобалар байқауынан жүлделі оралды.

Байқаудың мақсаты – химия және химиялық технологиялар саласының дарынды жас мамандарын қолдау.

Байқау нәитижесі бойынша Айжан Усеинованың (жетекшісі – х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Софья Масақбаева) жұмысы үздік деп танылды. 

«Органикалық заттардың химиялық технологиялары» мамандығы бойынша екінші орын Динара Ыбраеваның магистрлік жобасына (жетекшісі – х.ғ.к., профессор Күлшат Жапарғазинова) бұйырды. 

Сондай-ақ, бұл байқауда Айман Смағұлова (жетекшісі – аға оқытушы Тоқжан Туғамбаева) және Армангүл Асанбава (жетекшісі – аға оқытушы Тоқжан Туғамбаева) үшінші орынға ие болды.

Байқауда С. Торайғыров атындағы ПМУ түлектерінің кәсіби деңгейі жоғары бағаланды. Университеттің студенттері мен магистрларының қолынан шыққан зерттеу жұмыстары білім мен ғылым саласының дамуына өзіндік үлес қосып, отандық инновациялық экономиканың өркендеуіне жол салуда.