С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің білікті педагогтары мен психолог-мамандары әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу республикалық акциясына қатысты.
Акция аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықты және жасөспірімдердің заңбұзушылықтарын алдын алу» атты дөңгелек үстел болып өтті.
«Бақытты ел – мерейлі отбасы» ұранымен өткен дөңгелек үстелді Павлодар қаласы Ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция бөлімі жанынан құрылған әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы мен «Павлодар қалалық әлеуметтік-психологиялық оңалту және баласы бар әйелдерді бейімдеу орталығы» КММ мамандары бірлесіп ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – зорлық-зомбылық проблемасына гендерлік төзбеушілікті қалыптастыру, зорлық-зомбылыққа қарсы тұру дағдыларын үйрету, отбасындағы зорлық-зомбылық көріністерінің балаларға зиянды әсері туралы кең ақпараттандыру.
Дөңгелек үстел іс-шарасында С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың психология және педагогика кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы ақыл-кеңестерімен бөлісті, магистранттар мен студенттер баяндама жасады, проблеманы зерделеген ғылыми жұмыстар арқылы таныстырды. Атап айтқанда, ӘЖ-301 тобының студенті Адина Мейрамғалиева зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдерді оңалту, СР-402 тобының студенттері Евгения Пучкова мен Шахнур Искакова интернат-үйлердің әйел түлектеріне жасалған зомбылықтың алдын алу, СР-402 тобының студенті Әйгерім Қазымбетова Қазақстанда зорлық-зомбылық көрген әйелдерге арналған дағдарыс орталықтарының одағы, СР-402 тобының студенті Татьяна Шуравина жазасын өтеп, бостандыққа шыққан әйелдердің әлеуметтік жағдайы туралы тақырыптар бойынша жарыссөз жасады.
Үздік студенттік зерттеу жұмыстарын жазған жастар алғыс хаттармен марапатталды.