2015 жылдың 19 қыркүйек күні С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің басшылығы, профессрлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен бірінші курс студенттері Денсаулық күнін табиғат аясында тойлады.
С. Торайғыров атындағы ПМУ Даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмысы жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Арман Ақышев спорт мерекесін ашып, дене тәрбиесі мен спорт адамдардың денсаулықтарын нығайтуға, жастардың дене тірбиесі мен адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға жол ашатынын атап өтті. «Дені сау ұлтты қалыптастыру үшін әрбір азамат салауатты өмір салтын ұстануы қажет. Өйткені, еліміздің жарқын болашағы саламатты жастардың қолында екенін естен шығармаңыздар», – деді Арман Айтмұхаметұлы.
Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан Денсаулық күні өз мұратына жетті. Спорт мерекесіне қатысушылар байқаулар мен сайыстарда бақтарын сынап, тартысты ойындарда күштерін танытып, бұл күнді көңілді де ерекше тойлады. Спорттық жарыстарда студенттермен бірге өз шеберліктерін оқытушылар мен университет қызметкерлері де көрсете білді.
Денсаулық күнінің бағдарламасына сай волейбол, футбол, гир көтеру, армрестлинг және басқа да спорт ойындары бойынша сайыстар өтті.
Туристік эстафетаның нәтижесі бойынша сәулет-құрылыс факультетінің командасы бірінші орынды иеленіді, ал екніші орын – металлургия, машинажасау және көлік факультетінің спортшыларына бұйырды, үшінші орынды физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің командасы еншіледі.
Сондай-ақ, бокс бойынша бірінші орынға сәулет-құрылыс факультетінің студенті Әли Молдабаев ие болып, екінші орынды энергетикалық факультет студенті Әділ Думан қанжығасына байлады, ал қола металлургия, машинажасау және көлік факультетінің студенті Нұрбол Арашовқа бұйырды.
Гир көтеру сайысында бірінші орынды метеллургия, машинажасау және көлік факультетінің студенті Бағжан Ақылбек, екінші орынды ТТ-102 тобының студенті Темірлан Айдарханов, үшінші орынды металлургия, машинажасау және көлік факультетінің студенті Мадияр Мәуліт иеленді.
Руфина Торпищеваның фотосы