2015 жылдың Ұлттық (басты) рейтингісі бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстанның көпсалалы жоғары оқу орындары арасынан көшбасшылар қатарынан көрініп, бесінші орыннан бойтүзеді.
Биылғы жылы Павлодар мемлекеттік университеті жоғары білім көкжиегінде кезекті рет үздік екендігін дәлелдеді. Оқу ордамыз Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінде өзінің жоғары санаттағы орнын сақтап, көпсалалы жоғары мектептердің арасынан бесінші рет бесінші орынды иеленді.
Рейтингтің басты мақсаты – талапкерлерге еліміздегі көптеген жоғары оқу орындары арасынан өзіне қажетті білім мекемесін таңдап, дұрыс шешім қабылдауға көмектесу және білім саласына қаражат салу үшін оңтайлы уәждемеге ықпал ету.
Жыл сайын өткізілетін ұлттық рейтинг – профессорлық-оқытушылар құрамы жұмысының сапасын бағалаудың академиялық және статистикалық көрсеткіштері, студенттердің құрамы мен олардың білім алу сапасы, ЖОО-ның ғылыми және инновациялық бағыттары, халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ, жұмыс берушілер мен қоғам қайраткерлерінің пікірлері.
Бүгінде С. Торайғыров атындағы ПМУ – классикалық ұстанымдарды жаңа білім бағдарламалардың жетістіктерімен ұштастыра білген өңіріміздегі ірі жоғары оқу орны. Уақыт өткен сайын университет білім-ғылым, қоғамдық ұстанымдарын дамыта отырып, инновациялық білім кеңістігін құру арқылы инновациялық-бағдарлы ЖОО-ның жоғары дәрежесін растап келеді.
Павлодар мемлекеттік университетінің ұлттық рейтингке қатысып, өзінің лайқты орнын алуы – Қазақстанның жоғары білім жүйесінің халықаралық білім кеңістігіне ену жағдайында білім орданың дәрежесі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсетіні анық.
«Біз жұмыс берушілер мен академиялық қауымдастықтармен табысты жұмыс жасадық», – деп мәлімдеді С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Арын Өрсариев.
Оқу орнының білім-ғылым мекемелерімен, экономика және кәсіпкерлік саладағы кәсіпорындарымен қарым-қатынасы кеңейе түсті. Университет қызметкерлерінің ғылыми және қоғамдық басылымдардағы белсенділігі артты. Алайда, біздің ғылыми жұмыстарымыздың дәйектілігінің артқандығын алдағы уақыт көрсететін болады. Халықаралық сарапшылар мен кеңесшілердің тәжірибесіне сай ғалымдардың мақаласындағы дәйексөздің танымалдығы жарияланымның жарыққа шығуынан соң екі-үш жылдан кейін болады екен.
Арын Амангелдіұлы өз сөзінде С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің ұлттық және басқа да жоғары дәрежелі рейтингтеріндегі көрсеткіштерін сараптауды, одан оқу орданың дамыту жолдарын айшықтайтынын университет үшін маңызды қадам екендігін атап өтті.
– Жоғары оқу орындарының рейтингке қатысуы – міндетті қадамдардың бірі. Өйткені, рейтинг арқылы университетке әлемдік ғылыми қауымдастықтар мен басқа әлеуметтік топтар тарапынан шынайы баға беріледі. Жалпы университеттің еліміздегі орны – мұның бәрі біздің білім мекемеміз туралы шынайы түсінікті қалыптастырады, – дейді Арын Амангелдіұлы.
С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің бүгінгі нәтижесін әлемдік рейтингтің тік баспалдағынан жоғары көтерілу деп білген жөн. Әлі де бізді алға қойған асыл мұраттарымызды іске асыру жұмысы күтіп тұр.