Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды (ҰБТ). ҰБТ 2-8 маусым аралығында өтетін болады.
С.Торайғыров атындағы ПМУ-де өткен ҰБТ-ның ағашқы күні қорытындысы бойынша орташа балл - 79,7. 40 адам 110-нан жоғары баллды жинады. Қыздарға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының түлегі Раимова Жансая 124 балл жинады. ҰБТ барысында заң бұзушылық фактілері орын алмады, алайды С.Торайғыров атындағы ПМУ ғимаратына кіре берісте түлектерден 20-дан астам ұялы телефондар алынды.
Биылғы жылы Павлодар облысының 3 мыңға жуық мектеп түлектері ҰБТ тапсырса, оның 563-і тестілеуді С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде тапсырды.
ҰБТ-ны өткізу пунктерінде түлектердің тестілеуді сәтті тапсыруы үшін барлық жағдайлар жасалған.
ҰБТ-ға қатысушыларға ауыз су және қазақстанда өндірілген шоколадтар ұсынылды.
Оқу мекемесі ауласында биоәжетханалар жұмыс істеді. ҰБТ барысында жедел жәрдем және өртке қарсы қызмет көрсету бөлімдері де болды. Тестілеу өткен барлық 11 аудиторияда кондиционерлер жұмыс істеп, ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері кезекшілік етті. Сонымен қатар 2 металлодетектор, 16 бейнекамера, 9 ұялы байланысты өшіретін құрал пайдаланды. Көрші корпуста ата-аналар үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп жатқан аудиториялардан тікелей бейне трансляция жасалды. Саперлердің арнайы тобы ғимаратты жарылғыш заттарға алдын ала тексеріп шықты. Ұялы телефон байланысын өшіретін құралдардың сәуле бөлу деңгейі СЭҚ нормаларына сай болды.
Бірыңғай талаптарды сақтау және даулы сұрақтарды шешу, сонымен қатар ҰБТ-ға қатысушылардың тестілеу кезінде құқығын қорғау мақсатында, ҰБТ өтетін әрбір пунктте апеллияцияларды қарастыратын республикалық және апеллияциялық комиссия құрылды.