2014 жылдың 18 желтоқсан күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне мемлекеттің маңызды стратегиялық құжаты – Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихат топ мүшелері Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Владимир Бобров, Энергетика министрлігі жаңартылмалы энергия көздер департаментінің директоры Айнұр Соспанова келді.
Ақпараттық-насихат тобымен кездесуге С.Торайғыров атындағы ПМУ басшылығы, факультет декандары, құрылымдық бөлімдердің жетекшілері, магистранттар мен студенттер қатысты.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, с.ғ.д., т.ғ.к. Арман Ақышев өз сөзінде: «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауындағы белгіленген міндеттердің маңыздылығын еліміздегі барлық жоғары оқу орындардың қызметкерлері жете түсінеді. Жолдаудағы индустриалды-инновациялық жобаларды іске асыру мақсатында базалық жоғары мектеп ретінде анықталған 10 жоғары оқу орындарының бірі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр», - деп білім орданың жауапкершілігіне баса назар аударды.
Жалпы, университет басшылығы , профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттік жастар өздерін мазалап жүрген өзекті сауалдарына депутаттардан жауап алды.
Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Владимир Бобров Павлодар индустриалды институтының (С.Торайғыров атындағы ПМУ) түлегі. Ол өзінің баяндамасында: «Еліміздің жарқын болашағы мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кепілі – білім екені даусыз. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің білімге, жетістіктерге және болашақтың технологияларына негізделген инновациялық әлеуеті бар жоғары оқу орны».