2014 жылдың 7 қараша күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Серік Өмірбаев «Бір ел – бір тағдыр» атты форумында университетте жүргізіліп жатқан жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жөнінде дәріс оқыды.
Форум қатысушылары алдында С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, э.ғ.д. профессор Серік Өмірбаев Павлодар мемлекеттік университетіндегі тәрбие жұмысы оқу, ғылыми-зерттеу және тәрбие үдерістерінің дәстүрлі бірлігінде жүзеге асатындығын өз дәрісінің өзегі етіп алды.
Мұнымен қоса, Серік Өмірбаев С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттерінің ғылыми іс-әрекеті туралы сөз қозғады.
–Университеттің белгілі ғалымдарының жетекшілігімен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысудың негізгі бағыты «Жас ғалым» және ҚР БҒМ гранттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау бағдарламалары бойынша жүзеге асып келеді. Жоғары оқу орнында 38 студенттік үйірме, 1 студенттік конструкторлық бюро және «Ертіс» технопаркі жанындағы студенттік инновациялық орталық жұмыс жасайды, - деп мәлімдеді Серік Мәуленұлы.
Сөз барысында дәріскер жоғары оқу орнындағы экстремизм және терроризмнің алдын алу және рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Білім+» ақпараттық-ағарту жобасы туралы әңгіме өрбітті. Сонымен қоса, жас ғалымдар, студенттер мен магистранттар арасында атаулы стипендияларды белсенді де үздік студенттерге табыстау мақсатында университет ішінде байқаулар өткізу тақырыбы да көпшілік назарынан тыс қалмады.
С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Серік Мәуленұлы өз дәрісінде университет және Павлодар облысы атын әлемге мәшһүр еткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар турасындағы ойын жеткізді. Университет басшысы сондай-ақ, бұл конференциялар студенттердің ғылыми жұмыспен айналысуына, ғылыми мақалаларын жария етуге және шетелдік ғалымдармен тәжірбие алмасуға жол ашылатынын сөзіне арқау етті.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің тәрбиелік бағыты бойынша ЖОО қызметкерлерінің ұйымдасқан арнайы жұмыстары атқарылады. Бұл жұмыстар студенттердің арнайы біліммен қоса адамгершілік әдебі және жалпы зияткерлік мәдениетінің өсуіне бағытталып отыр.