Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қорының студенттік шәкіртақысы сарапқа түскен 2014 жылғы Республикалық байқауда С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттің университетінің студенттері жеңімпаз атанды.
ҚР Тұңғыш Президенті Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев Қоры ұймдастырған бұл республикалық байқау оқуда үздік, қоғамдық өмірде белсенді, шығармашыл, ғылымға бейім жастарды қолдауды мақсат тұтады.
Байқаудың шешімі бойынша С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері оқу жетістіктері, ғылыми мақалалары мен баяндамалары, шығармашылық байқаулардағы жеңістері сынды үздік көрсеткіштерімен шәкіртақыға үміткерлер арасынан оза шапты.
Мәртебелі шәкіртақыға қол жеткізген С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері: металлургия, машинажасау және көлік факультетінің Мт-301 тобының белсенді студенті Болат Ризат, қаржы-экономикалық факультеттің Фин-302 студенті Назарова Анастасия, гуманитарлық-педагогикалық факультеттің Жур-401 студенті Гаркава Елена, гуманитарлық-педагогикалық факультеттің Жур-402 тобының студенті Зкриянова Алтынгүл.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры – Ұлт Көшбасшысы Қоры белгілеген студенттік шәкіртақы бір жылдық оқу жылына беріледі. Байқауға оқу үлгерімі жоғары, университеттің қоғамдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына атсалысқан белсенді студенттер қатысады.
ҚР Тұңғыш Президенті Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев Қорының ұйымдастырумен өтетін жыл сайынғы республикалық студенттік шәкіртақы тағайындау байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі 2014 жылдың 11 қарашасында Алматы қаласында өтеді. Салтанатты кеште қор басшысы озат студенттерге куәліктер мен төсбелгілерді салтанатты түрде сеніммен табыстайды.
Аталған мәртебелі шәкіртақы иелері қатарында өңіріміздегі білімнің қара шаңырағы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің төрт бірдей студенттері Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлкеттік академиялық опера және балет театрында өтетін салтанатты мараппаттау рәсіміне қатысады. Студенттердің бұл жетістігі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің жоғары білім беру бойынша көшбасшылығын тағы бір танытты.