2014 жылдың 12 шілдесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Балықбаев Такир Оспанұлы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне арнайы іс-сапармен келді.
Іс-сапардың барысында С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Серік Өмірбаев Такир Оспанұлын университеттің негізгі жетістіктерімен таныстырып өтті.
Серік Мәуленұлының айтуы бойынша, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті әлемдік білім беру кеңістігінде бірігу үрдісі бойынша халықаралық танымалдыққа жетті, еуропалық білім беру үрдісінің толық құқылы қатысушысы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрін «Foundation» факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Айжан Кудерина ПМУ-дың қабылдау комиссиясың жұмысымен таныстырып өтті. С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына қатысуы жөнінде Тіркеу кеңсесінің директоры, т.ғ.к. Петр Быков баяндаған. Сонымен қатар, университеттің ғалымдары, атап айтсақ, Энергетика факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Александр Кислов, «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., профессор Иван Шумейко, т.ғ.к., доцент Алексей Богомолов, «Кәсіптік оқыту және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., профессор Қапар Арынғазин, Инновациялар мен технологиялар трансфертінің аймақтық орталығының директоры Сергей Смаилов, қонаққа өз ғылыми жобаларын ұсынды.
С. Торайғыров атындағы ПМУ Білім беруді ақпараттандыру орталығы Оқыту үрдісін ақпараттандыру бөлімінің бастығы Тоқсанов Сапар жоғары лауазымды қонақты электрондық университет жүйесімен таныстырып өтті.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхананың директоры Саида Исамадиева Такир Оспанұлынының назарына сирек кітаптар қорын, «Рухнама» топтамасының кітаптарын, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, С.Торайғыров жайындағы жинақ кітаптарымен, сонымен қатар, Нобел дәрістері топтамасын ұсынды.
Арнайы іс-сапардың аясында ҚР Білім және ғылым вице-министрі ПМУ-дың ғылыми зертханаларын көріп шықты. Жоғары лауазымды қонақ «Жануарлар биотехнологиясы» зертханасымен, «Химиялық наноқұрылған полимерлік гидрогельдер мен наноэлектроника» зертханасымен, «Өсімдік биотехнологиясы» зертханасымен, «Қуат үнемдеу және технология» зертханасымен танысты.
Іс-сапардың аясында Такир Оспанұлы Ф.К. Бойко атындағы Электроэнергетика лабораториясымен, Электромеханика және электротехникалық жабдықтау лабораториясымен, тьюторлық классымен, Нобел лауреаты Роберт Манделл атындағы аудиториясымен және ПМУ медиаорталығымен танысып өтті.