Халықаралық әлеуметтік-мәдени және ғылыми-оқыту «Азия елдеріндегі мәдени мұраның өзектіленуі» жобасының аясында С.Торайғыров ат. ПМУ-да мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының жүзеге асуымен танысу мақсатында белгілі ғалымдар қонақ болды.
С.Торайғыров атындағы ПМУ құрметті қонақтары болып Философия ғылымдарының докторы, Мюнхен философия университеті профессоры, Халықаралық Музейлер Кеңесінің музеология Халықаралық Комитетінің президенті Виерегг Хильдегард (Германия, Мюнхен қ.), «Мәдениет және өнер бойынша Орталық-Азиялық жүйесі» корпорациасының басшысы Найзабеков Аламан (Қырғызстан, Бішкек қ.) Қырғыз-Ресей Славян университетінің профессоры Советская Людмила (Қырғызстан, Бішкек қ.), т.ғ.к., РҒА СБ тарих институтының қоғамдық-саяси тарих бөлімінің аға ғылыми қызметкері Симонов Дмитрий (Ресей, Новосібір қ.), «Наследие» ҒЗИ музейлік энциклопедиялар бөлімінің меңгерушісі Чувилова Ирина (Москва қ.) келді.
Мәдени мұра – рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік құндылықтардың баға жетпес капиталы. Ұлттылықты құрметтеп, қастерлеу үшін және жаһан жұртшылығы елдігіңді мойындаудың басты шарты табиғи байлығымен қоса рухани қазынаны арттыру екені даусыз.
Павлодар мемлекеттік университеті мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын қолдау мақсатында Павлодардың Ертіс өңірінің ұлы қайраткерлері туралы ғаламтор парақшаларын жасауды жөн көрді. Аталмыш жоба 2010 жылы бастау алып, туған өлкеміздің мәдени мұраларын сақтауға, нығайтуға және насихаттауға бағытталған. Айтулы жобаның шеңберінде қазақ халқының ғылым және мәдениет қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығына арналған тақырыптық ғаламтор парақшалары жасалды
Жерлестеріміз, қазақтың белгілі дарынды да дара тұлғаларына ғаламторда жеке парақша жасалып, көпшілік назарына ұсынылды. Мысалы, мынандай парақшалар: Бұхар жырау Қалқаманұлы, Машхүр-Жүсіп Копейұлы, Жүсіпбек Аймаутов, Сұлтанмахмұта Торайғыров–, Қаныш Сатбаев, Иса Байзақов, Әбікен Бектұров, Әлкей Марғұлан, Қалижан Бекқожин, Ермұхан Бекмаханов. Барлық сайттар мемлекеттік тіркеуден өтті.
Университет қабырғасындағы мемлкеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының жұмысымен таныс болған қонақтар С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың айтулы бағдарлама жұмысына жоғары баға беріп, оқу орнының мұражай кешенімен танысты.