2013 жылдың 9 сәуірінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекетік университеті Павлодар облысы Май ауданында «Ашық есіктер күні» көшпелі салтанатты іс-шараны өткізді.
Аталмыш іс-шара Көктөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 69 түлектер мен ұстаздардың қатысуымен өтті.
Шара барысында С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың басты трендін айқындайтын бейнефильмді жиналған оқушылар назарына ұсынды.
Жиналған оқушылар мен ұстаздарға ПМУ-дың өкілдері, Май ауданының тумалары, Сәулет-құрылыс факультетінің деканы, техникалық ғалымдарының докторы, профессор Марат Кудерин және Зоотехнология, генетика және селекция кафедрасының доценті Төлеген Асанбаев өз жылы лебіздерін білдірді.
«Foundation» факультетінің деканы, педагогикалық ғалымдарының кандидаты Айжан Кудерина Павлодар мемлекеттік университеті туралы және ПМУ қабырғасында білім алудың артықшылығы жөнінде баяндамасын ұсынды. Сонымен қатар, Айжан Ермекқызы болашақ жас түлектерді алдағы университетке оқуға түсуді жоспарлаған болашақ талапкерлер назарына құжатты өткізу, құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпарат берді. Атап айтсақ, мемлекеттік грантты иелену ережесімен және 2014 жылдың қабылдау кампаниясының ерекшеліктерімен таныстырып өтті.
Университеттегі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысушы, ПМУ-дың «Туризм» мамандығы бойынша білім алатын III курс студенті Дұлат Жұмаділов аталмыш бағдарламаның жетістіктері туралы оқушылармен бөлісті. Дұлат баяндамасына сәйкес Балтық Халықаралық Академиясында оқығаны туралы арнайы слайдтарды оқушылар назарына ұсынды.
Май білім беру бөлімінің меңгерушісі Тұрсын Әлибекова С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың өкілдеріне ауданның түлектеріне арнайы назар бөлгендері және мінсіз ұйымдастырған іс-шара үшін шексіз алғысын білдірді. Соған қоса Тұрсын Қапшақарқызы болашақ түлектерге келе жатқан Ұлттық бірыңғай тестілеуде сәттілік тіледі.
Мектеп оқушыларының назарына университеттің студенттік филармониясының дарынды орындаушылары, «Мелоди» вокалдық тобы, «Джем» би тобы және «Павлодар жастар құрамасы» КВН командасы өз өнерлерін көрсетті.
Аталмыш кездесу барысында мектеп оқушыларына ЖОО-ның мамандықтары мен университет түлектерінің жұмыспен қамтылуы туралы ақпараттар беріліп, кеңес ұсынылды.