Дәстүрлер мен әдет-ғұрып барлық халықтарда бар. Оларда халықтың тұрмы-салты, оның әдеті, ұлттық ерекшеліктері көрсетілген. Адамгершілік ережелері, дәстүр мен әдет-ғұрып барлық адамдардың теңдігін, тазалықты, сабырлықты, пәктікті, әлсізге қайырымдылықты көрсету басты принциптерді жариялайтын исламнан бөлінбейді.
Қазіргі таңда дінді жаңарту жастардың исламға деген қызығушылықтарын оятады. Халықтардың рухани-адамгершілік байлықтарын жете зертеу қажет және дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы әрекетте алдын алу мақсатында жаңарту керек.
Осыған орай, 2014 жылдың 05 наурызында «Білім+» жобасы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Концерттік залында студенттер мен магистранттар үшін «Қазақстандықтардың діни тәжірибесіндегі салт-дәстүрлер: тарихы, сабақтастығы, келешегі» тақырыбына диалогтық алаң өтті.
Диалогтық алаңның мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтарына, қазақ халқының мұрасына және тарихи өткеніне, мәдениетіне қызығушылықты және құрметті нығайту.
Ұйымдастырушылар: «Қыз Жібек» клубы және Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы.
Диалогтық алаңда мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің өкілдері, декандар, профессорлық-құрылымдық құрамы, тоғыз факультеттің магистранттары, студенттері, басшылар, студенттік өзін-өзі басқарудың мүшелері, және қонақтар ҚР Дін істері агенттігі діни оқу орындармен байланыстар және дінтану сараптамасы жөніндегі басқармасының басшысы Айнұр Әбдрасілқызы, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб-имамы Төлеби Оспан, Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы Ержан Мэлсұлы Рахимжанов, «Нұр Отан» Партиясы Павлодарлық қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Арман Қанатұлы Ешмұратов, «Мұсылман әйелдер лигасының» төрайымы Бақытжамал Шаханқызы Максилова қатысты.
Диалог алаңының қатысушылары алдында «Дін және әйел» тақырыбына ҚР Дін істері агенттігі діни оқу орындармен байланыстар және дінтану сараптамасы жөніндегі басқармасының басшысы Айнұр Әбдрасілқызы, «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбына «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб-имамы Төлеби Оспан және тағы басқалар сөз сөйледі.
Осы диалог алаңының модераторлары филол.ғ.к., профессор, «Қыз Жібек» клубының жетекшісі, С. Торайғыров атындағы ПМУ «Қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі Айман Файзоллақызы Зейнулина, исламтанушы, халықаралық қарым-қатынастар магистрі, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің докторанты Нұрлан Ефратұлы Қайырбеков болды.
Диалог алаңының барысында модераторлар осы тақырыпта қатысушылармен диалогты жақсы жүргізе алды. Университеттің студенттерімен дәстүрдегі әйелдің орны, қазақ халқының тарихындағы ұлттық идея, қоғамға деген дәстүр мен әдет-ғұрыптың мәні, ұлттық қалыптасқан дағдылы ережесін ғана емес, оның қазіргі қалпын есептеп дәстүрді, әдет-ғұрыпты және оның мәнін түсіндіру мәселесі туралы сұрақтар қойылды және студенттің бірімен қызды ұрлау дәстүрі жайлы бүгінгі күннің өзекті сұрағы көтерілді. Студенттірдің барлық сұрақтарына қонақтар мен диалог алаңының спикерлері теолог, Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің АҒПО қызметкері Жолдас Қаспақұлы Бертымуратов, студенттік ректор Ғабит Хафиз жауап берді. Сұрақтарды талқылау кезінде, Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы Ержан Мэлсұлы Рахимжановқа тарих және құқық факультетінің студенті Әділет Мейрмановтан мектеп бағдарламасына ұлттық аспап «Домбраны» үйрету бойынша арнайы сағатты енгізуге ұсыныс түсті.
Жалпы, мазмұнды диалог болды. Оның барысында қазіргі Қазақстанның мәдени-рухани өміріндегі діннің орны мен рөлі туралы, қазақ халқының әдет-ғұрпымен, дәстүрімен діни әдет-ғұрыптардың өзара байланысы жан-жақты талқыланды.
Пікір алысуда студенттер, оқытушылар диалог алаңының ұсыныстар мен қорытындылар жобасына өз ұсыныстарын енгізді.
Диалог алаңының қорытындысында, өз ниетімен гуманитарлық-педагогикалық факультетінің магистранты Рыспек Маусымбаев қазақ халқының ұлы аспабы домбырамен Естай Әлекеевтің «Әзірге айтарым» термесін орындады.