С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2013 жылдың 11 қарашасында Тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасарлары, топ кураторлары, студенттік өзіндік басқармасының жастар құрамының мүшелері, жетекшілері үшін «Діни радикализмге, экстремизмге, лаңкестікке қарсы шығу бойынша Қазақстан Республикасының Заңнамасы» атты семинар-практикум өтті.
Осы семинар-практикум діни радикализмге, экстремизмге және лаңкестікке қарсы күрес бойынша Қазақстан Республикасының заңды актілерін және 2013-2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаны түсіндіру және студенттік жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатымен өткізілді.
Семинар-практикумды ұйымдастырушы: С. Торайғыров атындағы ПМУ Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы.
Семинар-практикумның жұмысына С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры, б.ғ.д., профессор Нұрлан Ержанов, облыстық Дін істері департаментінің директоры Ержан Рақымжанов, Павлодар облысы прокуратурасының бірінші басқармасы бөлімінің прокуроры Е.А. Зиядов, Павлодар облысы ІІД экстремизммен күрес бөлімі басшысының м.а. Ж.Ш. Слямов қатысты.
Шарада экстремизмге және терроризмге қарсы күрес туралы ҚР заңнамасының негізі, осы облыста құқықтық қарым-қатынастарды реттейтін тағы басқа нормативтік-құқықтық актілері түсіндірілді, террористік және экстремистік әрекетті істегені үшін әкімгершілік және қылмыстық жауапкершілік түсіндірілді. Жұмыстың барысында діни жағдай, студенттік жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, діни экстремизмнің алдын-алу сұрақтарында студенттік құрамалардың рөлі туралы өзекті сұрақтар талқыланды.
Іс-шараның қатысушылары құқықтық мәдениетті арттыруға қатысты жастармен жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ой-пікір алысты, мемлекеттік органдармен университеттің ынтымақтастығының жаңа формалары белгіленді.
Орталықтың директоры Н.С. Тышқанова айтқандай, өткізілген семинар-практикум – ол «Қазақстан-2050» ҚР Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында белгіленген басымдықтың контекстінде өткізілетін студенттік ортаға діни экстремизм идеяларының енуін ескерту және алдын алу бойынша университеттің жоспарлы іс-шаралардың бірі. Және декандардың орынбасарлары, топ кураторлары, белсенді студенттер өз білімдерін студенттік ортада профилактикалық жұмыстарын өткізген кезде қолдана алатындарын белгіледі. Құқықтық ағартушылықта тәжірибелік көмек көрсеткені үшін мемлекеттік органдарға тығыз ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді.