2013 жылдың 3 қазан күні С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде мемлекеттік басқару органдарымен өзара әрекеттестік мен ынтымақтастық аясында «Университет және мемлекеттік органдары: дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертациялардың тақырыптарын келісу» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің бастамашысы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсұт Өтешев және С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Қаржы-экономика факультетінің Менеджмент кафедрасы.
Сонымен қатар, іс-шараға Павлодар облыстық мәслихатының, Павлодар облысы бойынша Ішкі саясат басқармасының, Павлодар облысы бойынша Еңбек басқармасының, Павлодар облысы бойынша Қаржы басқармасының өкілдері қатысқан.
Дөңгелек үстел барысында дуалдық оқыту жүйесінің осындай актуалды мәселелері қарастырылды: университет және кәсіпорындар арасындағы байланыс, ПМУ түлектерінің жұмысқа орналастыру, түлектерге жұмысқа орналасқанда қойылар талаптар. Сонымен қатар, аталмыш іс-шараның басты мәселесі – дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертациялардың тақырыптарын мемлекеттік органдарымен келісуі.
С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаевтың айтуы бойынша, университет пен кәсіпорын арасындағы іскерлік байланыс – жоғары деңгейдегі мамандарды даярлаудың кепілі. «Осындай тығыз байланыстың болу нәтижесінде білім алушылардың әлеуметтік кепілдікке ие болуға және бәсекеге қабілетті мамандық алуға, мемлекеттің кәсіби мамандарды даярлауға тапсырыстың қалыптасуына және орындалуына, өндірістің өмірге және жұмысқа жақсы дайындалған білімді мамандардың келуіне, оқу орнының білім беру қызметіне сұраныстың артуына деген мақсаттары орындалады», – деді Серік Мәуленұлы.