Торайғыров университетінде фаунамыздың ең сирек кездесетін құс түрлерінің бірі — тарғақты (Vanellus gregarius) зерттеу мен сақтауға арналған ғылыми семинар өтті. Іс-шара Mohamed bin Zayed Species Conservation Fund қорының қолдауымен Солтүстік-Шығыс Қазақстандағы осы түрдің негізгі мекендейтін жерлерін анықтау және бағалау жөніндегі халықаралық жоба аясында ұйымдастырылды.

 

 

Кездесудің басты спикері зерттеуші Анастасия Осипова болды. Ол қатысушылармен Павлодар Ертіс өңіріндегі далалық зерттеулердің бірегей тәжірибесімен бөлісіп, табиғи ортадағы Қызыл кітапқа енген құстармен жұмыс істеудің ерекшеліктері туралы айтып берді.

 

 

Семинар ғылыми тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналып, студенттер мен оқытушылардың өңіріміздің бірегей биоалуантүрлілігін зерттеу және сақтау мәселелері туралы білімдерін тереңдетуге жол ашты.