Торайғыров университетінде университет қызметкерлерінің Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өкілдерімен кездесуі өтті.



Кездесудің тақырыбы – «eGov порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу барысында туындайтын практикалық жағдайлар мен проблемалық мәселелерді талдау».



Іс-шара барысында мемлекеттік корпорация мамандары мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу тәртібін жан-жақты түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, eGov порталын пайдалану кезінде азаматтар жиі кездесетін өзекті мәселелер мен күрделі жағдайлар талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды.



Кездесу аясында университет қызметкерлеріне мемлекеттік қызметтерді алу бойынша практикалық көмек көрсетіліп, электрондық сервистерді тиімді пайдалану жөнінде кеңестер берілді.



Іс-шара қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану дағдыларын жетілдіруге оң ықпал еткені сөзсіз.