ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Павлодар облысы бойынша департаменті мен Торайғыров университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа Департамент бастығы Мадияр Жұмаділов пен Торайғыров университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Нұрлан Медетов қол қойды.



Меморандумның негізгі мақсаты – қосымша кәсіптік білім беру саласында өзара тиімді әріптестікті нығайту және осы бағыттағы бірлескен бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыру.



Келісім аясында тараптар қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен жетілдіру, Департамент әскери қызметшілерінің кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, сондай-ақ білім беру және ғылыми-әдістемелік қызмет салаларындағы өзара ықпалдастықты кеңейту жұмыстарын жүргізуді көздеп отыр.



Аталған меморандум кадрлық әлеуетті дамытуға, кәсіби даярлық сапасын арттыруға және университеттің ғылыми-білім беру ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл бастама өңірлік деңгейдегі серіктестікті жаңа мазмұнмен толықтырып, тәжірибе мен білім алмасудың нәтижелі тетіктерін қалыптастыруға негіз болады.