Торайгыров университет базасында 30 жылдан астам уақыт бойы 10–11-сынып оқушыларына арналған бейіндік оқыту бағдарламасы жүйелі түрде іске асырылып келеді. Бағдарлама білім алушылардың бейіндік пәндерді терең меңгеруіне, ерте кәсіби бағдар алуына және еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды игеруіне бағытталған.

 


Аталған бағыт аясында Ақсу қаласындағы мектеп-лицейімен ынтымақтастық туралы келісім жасалып, білім беру процесі өзара үйлесімді түрде ұйымдастырылуда. Бұл өз кезегінде оқушылардың кәсіби даярлығын сапалы деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2025–2026 оқу жылында бейіндік дайындықтан 10–11-сыныптардың 54 оқушысы өтуде.

 


Сәуір–мамыр айларында 11-сынып оқушылары үшін қорытынды біліктілік емтихандары өткізіледі. Нәтижесінде түлектерге келесі біліктіліктер бойынша куәліктер беріледі:
• компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушінің көмекшісі
• химик-зертханашы
• инженерлік графика операторы және сызушы

 


Торайғыров университеті оқушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға және олардың болашақ мамандығын саналы таңдауға жағдай жасауға басымдық береді.