Ғылым декадасы аясында Торайғыров университетінің қабырғасында 20-дан астам серіктес кәсіпорындардың өкілдері бас қосқан «Science & Business Connect» атты диалогтік алаңы өтті.
Шара жергілікті атқарушы орган өкілдері Индустриялық-инновациялық даму басқармасы, серіктес кәсіпорындардың өкілдері және ғалымдардың қатысуымен өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халына Жолдауында университеттер мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту қажеттігін атап өтті. Салалық инновацияларға серпін беріп, жоғары оқу орындарындағы қолданбалы ғылымның әлеуетін арттыру қажет екендігін айтқан болатын.
Торайғыров университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Нұрлан Әмірұлы Медетов университет мүмкіншіліктерін тізбектей келе өз сөзінде: “Біз кәсіпорындармен серіктестік қарым-қатынастар орнатуға қашанда ашықпыз. Ғылым өндіріске, кәсіпкерлікке оң ықпалын тигізу үшін бірігіп күш салуымыз қажет. Бірлесе әрекеттесіп жатқан кәсіпорындармен ара-қатынасымызды нығайта түсіп, өңіріміздің әлеуетін арттыру да назарымызда екенін еске салғым келеді”-деді.
Сапинов Руслан Викторович «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы:
- Бізде АБС пластик, ПНД және ПВД қалдықтарын қайта өңдеу саласында тәжірибеміз бар. Осы материалдар негізінде түрлі композиттерді әзірлеумен айналысамыз. Сонымен қатар ПНХЗ және Incom Company кәсіпорындарымен техникалық құжаттаманы әзірлеу және жабдықтарды жөндеу бағытында табысты ынтымақтастық тәжірибесі қалыптасты.
Жалпы алғанда, осы бағытта қолданбалы сипаттағы жұмыстардың шамамен 80 пайызына дейін орындауға мүмкіндігіміз бар. Біздің тәжірибе көрсеткендей, қайта өңдеу және композиттік материалдарды әзірлеу бағытындағы бірлескен жобалар нақты өндірістік міндеттерді шешуге мүмкіндік береді және отандық инженерлік әлеуеттің дамуына оң әсерін тигізеді.
Кездесу барысында кәсіпорындар өздерінің проблемалық сұрақтарын көтердіп, алдағы уақытта университетпен тығыз және тұрақты түрде қарым-қатынасты орнатуға даяр екендігін жеткізді. Шара нәтижесінде кәсіпорындардағы жекелеген мәселелерімен алдағы уақытта кәсіпорындардың технологиялық тапсырмалары бойынша университет ғалымдары мақсатты түрде айналысатын болады








