Торайғыров университетінде «Металлургия» кафедрасының жаңа зертханалық базасының ашылуы өтті. Атаулы шара Ғылыми кеңес мүшелерінің қатысуымен ұйымдастырылып, университеттің ғылыми және білім беру инфрақұрылымын дамытудағы маңызды кезеңдердің бірі болды.

 


Жаңартылған зертханалық кешен бес мамандандырылған бағытты біріктіреді: сутектік тотықсыздандыру, гидрометаллургиялық процестер, соғу, илемдеу және 3D-модельдеу зертханалары. Мұндай кешенді жабдықталу толық технологиялық циклді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Зертханалар білім беру үдерісі мен ғылыми зерттеулерге қойылатын заманауи талаптарға толық сәйкес келеді және экономиканың нақты секторы үшін білікті мамандар даярлауға бағытталған.



Негізгі жабдықтар ҚР ҒжЖБ министрлігінің гранттық қаржыландыру ғылыми жобалар шеңберінде қамтамасыз етілді. Жалпы саны 39 бірлік заманауи оқу және зерттеу жабдығы алынып, бұл эксперименттік және қолданбалы зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті.



Ашылу рәсімі аясында кафедра оқытушылары мен ғалымдары зертханалық жабдықтардың жұмысын таныстыруда индукциялық пештен балқытылған металды құю процесі көрсетіліп, студенттерді даярлаудың қолданбалы сипаты мен ғылым мен өндіріс арасындағы тығыз байланыс айқын көрініс тапты.

 


Металлургиялық процестер зертханасының ашылуы университеттің ғылыми әлеуетін арттырып, зерттеу базасын кеңейтеді және еліміздің металлургия саласы үшін жоғары білікті кадрлар даярлауға қосымша мүмкіндіктер қалыптастырады.