Торайғыров университеті базасында Машина жасау және стандарттау кафедрасының жаңартылған зертханалық қорының таныстырылымы өтті.
Жаңа зертхана еліміздің машина жасау саласының технологиялық дамуы жағдайында сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған заманауи білім беру ортасы ретінде қалыптастырылады. Сонымен қатар ол Павлодар өңірі кәсіпорындарының кадрлық қажеттіліктеріне бәсеге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Инфрақұрылымды дамыту гранттық қаржыландыру, стратегиялық серіктестік және «Машина жасау» бағыты бойынша Алдыңғы қатарлы инженерлік мектепті (BES) құру жобасы аясында жүзеге асырылуда.
Бір жыл ішінде университетте өндірістік кәсіпорындардың нақты стандарттарын ескере отырып, студенттерді практикалық-бағдарлы даярлауға арналған заманауи бейінді зертхана құрылды. Зертханалық кешен сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктармен және арнайы технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл білім алушыларға металдарды өңдеудің өзекті технологияларын меңгеруге әрі еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан экономикасының өңдеуші салаларын құрал-саймандық қамтамасыз етуді дамытуға бағытталған жобаны бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде университет заманауи технологиялық жабдықтар алынды.
Компьютер паркі жаңартылып, қазіргі заманғы сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктарда өңдеуді имитациялайтын мамандандырылған бағдарламалар орнатылды. Бұл оқу процесіне цифрлық шешімдерді интеграциялауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ заманауи машина бөлшектері мен жабдықтарын өңдеу процестерін модельдеуге жағдай жасайды.
Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында инженер мамандығының стратегиялық маңызы артып келеді. Инженерлер жоғары технологиялық шешімдерді әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу үдерістерін қамтамасыз етіп, цифрлық құралдарды өнеркәсіптік өндіріске тиімді енгізеді.




