Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов ЕМЗ-ға жасаған сапары барысында адами капиталды дамыту мәселесін талқылады.

 


Еуразиялық механикалық зауыт биыл жылдың басында «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында іске қосылды. Қысқа уақыт ішінде металл бұйымдарын механикалық өңдеумен айналысатын кәсіпорынның ірі тапсырыс берушілері пайда болды. Өндірістік қуаттылығы – жылына 8,7 мың бұйым, оның базасында барлығы шамамен 60 жұмыс орны құрылмақ.

 


Бүгінде зауыт басшылығын жоғары дәлдікті жабдықта жұмыс істей алатын техникалық мамандарды даярлау мәселесі алаңдатып отыр. Өндіріс орнын жуырда аралаған Павлодар облысының әкімі Асаин Байхановқа бұл мәселе Торайғыров университетімен бірлесіп шешілетіні мәлімделді. ToU ректоры Нұрлан Медетовтың айтуынша, тиісті бағдарлама Мәскеу технологиялық университеті «СТАНКИН»-мен бірге әзірленбек. Бағдарлама ЕМЗ мен еліміздің өзге де өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталатын болады.