Торайғыров университетінде КСРО Халық сәулетшісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген сәулетшісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалдыбай Жұмағалиұлы Монтахаевты еске алуға арналған "Civil Engineering, Architecture and Design" халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 

 

Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Басқарма мүшесі - Торайғыров университетінің проректоры Нұрлан Ержанов құттықтау сөз сөйлеп, Қалдыбай Монтахаевтың ҚР-дағы сәулет өнерін дамытуға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.


Конференцияда Сирия мен Өзбекстаннан келген профессорлар сөз сөйледі.

Конференцияда сәулетші Қалдыбай Монтахаевтың ҚР-да ірі қала құрылысы кешендерін құрудағы рөлі, Павлодар өңірі тумаларының мәдени және рухани мұрасы туралы айтылды.


Бұдан басқа: құрылыстағы заманауи материалдар, конструкциялар мен технологиялар, сәулет, өнер және дизайндағы жаңа нысандар мен технологияларды, эксперименттерді іздеу, инфрақұрылым, қала құрылысы және сәулет-құрылыс индустриясындағы тұрақты құрылыс және цифрландыру бағыттары бойынша секциялық отырыстар өтті.

Айта кету керек, ToU-да халық сәулетшісі Қалдыбай Монтахаевтың мұражайы ашылды. 

Қалдыбай Монтахаев – сәулет саласындағы ерекше еңбегі үшін "Құрмет" жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталған, "Шығыс елдерінің сәулет академиясының академигі" атағына ие, 1996 жылы Қазақстан Сәулетшілер одағының президенті болып сайланған, 1999 жылы Шығыс елдерінің халықаралық сәулет академиясының (МААСВ) Вице-президенті сайланған, "Алтын адам – 2000 жыл" ұлттық сыйлығының иегері.