Торайғыров университетінде жастар ұйымдарының өкілдеріне арналған "Мәдени және діни толеранттылықты қамтамасыз етудегі зайырлы мемлекеттің рөлі» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Айта кету керек, семинар "Қазіргі заманғы Қазақстанның қоғамдық санасын жаңғырту жағдайында жастардың мәдени толеранттылығы мен діни сауаттылығын арттыру" МФ 24-26/8 ИРН АР23484991 мемлекеттік бюджеттік ғылыми-зерттеу жобасын іске асыру аясында өтті.

 

Модератор ретінде философия және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Майра Кожамжарова қатысты.

 

Спикерлер – Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Салтанат Әубәкірова, Павлодар облысы Дін істері басқармасы жанындағы Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Дәулет Закарьянов, Құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлнара Шамшудинова және жобаның кіші ғылыми қызметкері, магистр Лаура Жумашева.

 

Оқыту семинарында діни сауаттылықты арттырудың, мәдени төзімділіктің және қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері талқыланды. Спикерлер сөз сөйлегеннен кейін жобаның кіші ғылыми қызметкері, магистр Айнаш Мажитованың жетекшілігімен семинардың практикалық бөлімі ұйымдастырылды.

 

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.