Торайғыров университетінде Павлодар облысы бойынша "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ филиалының Торайғыров университетінің түлектерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. 

 

Кездесу барысында қор өкілдері қатысушыларға МӘМС жүйесінің негізгі ұғымдары мен қағидаттары, ТМККК негізгі аспектілері және ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің артықшылықтары туралы айтып берді.

МӘМС төлеушілер туралы ақпарат ұсынылды: мемлекет жарналарын төлейтін азаматтардың жеңілдетілген санатына кім кіреді, МӘМС жүйесінде мәртебесін қалай жоғалтпау керек, сақтандыру мәртебесін тексеру тәсілдері туралы және т. б. 

Сонымен қатар, қордың байланыс деректері туралы ақпарат ұсынылды.