Тарым университеті мен Торайғыров университеті өзара ынтымақтастық туралы шарт жасасты.

 

 

 

Торайғыров университетінің Зоотехнология және ветеринария кафедрасының қауымдастырылған профессоры Төлеген Асанбаевтың қатысуымен өткен өндіріс, зерттеулер және әзірлемелер саласындағы ынтымақтастық бойынша халықаралық Қытай-Орталық Азия конференциясы барысында  Тарым университетінің ректорымен, бірінші проректормен, инновациялық технология және ғылым жөніндегі  проректормен, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басшымен ғылыми ынтымақтастық пен зерттеулер бойынша болашақ мәселелері, студенттермен, магистранттармен, докторанттармен алмасу бойынша академиялық ұтқырлық мәселелері талқыланды. Бүгінде ҚХР - әлемнің барлық салаларындағы жетекші державалардың бірі. Бұл елдің экономикасы әлемдегі екінші орында және өте тез өсуде. Сонымен қатар, Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып табылады. Егер білім мен ғылым туралы айтатын болсақ, соңғы 20 жылда ҚХР біршама жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі таңда Қытай университеттері әлемдегі ең үздіктердің қатарына кіреді және олармен ынтымақтастық біздің студенттер мен ғалымдарға озық білім мен технологияға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан ToU серіктестерді Қытайдан да іздейді, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

 

Қазіргі уақытта Тарым университетінде ғылыми-білім беру бағдарламасының әртүрлі бағыттары бойынша 90 бағыт бойынша 16 институт бар екенін атап өткен жөн. Жыл сайын 30 мыңға жуық студенттер, 100-ден астам магистранттар мен докторанттар қабылданады.